Page 136 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 136

7-8-сабақ                       Күз – береке бастауы



                         1-тапсырма. Өлеңнен алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңдар. Қай мезгіл
                        бейнелен ген? Тақы ры бы мен негізгі ойды анықтаңдар.
                         Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
                         Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
                         Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
                         Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

                         Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
                         Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
                         Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
                         Жапырағынан айырылған ағаш, қурай...

                         Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
                         Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
                         Қай ауылды көрсең де жабырқаңқы,
                         Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен...
                                                                                     Абай

                         2-тапсырма. Өлеңдегі күздің белгілерін айтыңдар. Тура және ауыспалы
                        мағынадағы сөздерді қолданыңдар.


                         3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Негізгі және қосымша ойды анықтаңдар.

               Күзгі  күн  еді.  Күнұзаққа  екпіндетіп  соққан          Түсіндірме сөздік
           долы жел кешке қарай басылып, әлем жүзі құлақ-
           қа ұрған танадай мүлгуде.                                    Құлаққа ұрған
                                                                        танадай – тып-
               Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен               тыныш.
           қырқылып, тақырланған жер. Қызықты жаздың
           құл пырған жері жоғалған секілді. Мына кішкене
           шалшық су бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап жатқан көгал
           еді. Енді шал ғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Бұл түріне
           қарап, мына жерде көгорай шалғын болды деп кім айтады?!

                                                                                Б. Майлин
                         4-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  ауыспалы  мағынадағы  тіркестердің
                        тура мағынасын тауып жазыңдар. Мұғалімнің және түсіндірме сөздіктің
                        көмегін пайдаланыңдар.
                        долы жел –                           көңілсіз дала –
                        қызықты жаз –                        балбыраған көгал –
                        әлем жүзі мүлгуде –
           136
           136
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141