Page 139 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
        P. 139
     Жалғасы
                         Далада қатты аяз болады,          сондықтан ...
                                        ...                себебі тоқтаусыз қар жауып
                                                           тұр.
                      7-тапсырма. Абайдың «Қыс» өлеңінен тірек сөздер тауып, қыс мезгілі
                      туралы шағын мәтін жазыңдар.
          11-12-сабақ                     Бұл қай мезгіл?
                      1-тапсырма. Өлеңді оқыңдар. Ақынның сөз қолданысына көңіл ау да-
                      рыңдар.
                               Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
                               Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
                               Жан-жануар адамзат анталаса,
                               Ата-анадай елжірер күннің көзі...
                               Түйе боздап, қой қоздап, қора да шу,
                               Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
                               Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
                               Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су...
                      2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
                      1. Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
                      2. Бұл мезгілде қандай өзгерістер болады?
                      3. Бұл  мезгілдің  басқа  мезгілдерге  қарағанда  қандай
                         ерекшеліктері бар?
                      3-тапсырма. Өлең бойынша сәйкестендіріңдер.
                      Күннің                       сызы
                      Жердің                       көзі
                      түйе                         қоздап
                      қой                          жүзі
                      қыстың                       боздап
                      4-тапсырма. Өлеңнің мазмұны бойынша әңгіме құраңдар. Өлеңді жат-
                      тап алыңдар.
                                                                                    139
     	
