Page 143 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 143
12-ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ
О.Бөкей. «Апамның астауы»
Ф.Оңғарсынова. «Оюлар»
1-2-сабақ Қазақ қолөнері
1-тапсырма. Суретке қарап, бүгінгі тақырыпты болжаңдар.
2-тапсырма. Қазақтың ұлттық қолөнері туралы
не бі ле сіңдер? Оң жақтағы сөздерді пайдаланып, білезік
пікір алмасыңдар. Хабарлы, лепті сөй лемдердің сақина
интонациялық ерекшелігін ескеріңдер.
құрақ
тұскиіз
3-тапсырма. Мәтінді түсініп тыңдаңдар (40-аудио). кесте
Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттасыңдар. жасау
көрпе
Қазақ ұлттық мәдениетінің көне әрі аса құнды
салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою-өрнек.
Ою-өрнектер – әсемдік пен сәнділіктің белгісі. Сонымен бірге
халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Ою-өрнектің
мазмұнды ерекшеліктері сан алуан. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған
ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап
түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері, ағаш
ою өнері деген сөздер – сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар.
Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте
көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан
143