Page 148 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 148
2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ақын өлеңінде қазақтың қолөнеріне байланысты
қандай сөздер кездеседі?
2. Ақын оюларды көргенде кімді есіне түсіреді?
3. Қазақ халқының қолөнері туралы не білесіңдер?
3-тапсырма. Сөйлемді сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жазың-
дар.
1. Сипағандай, жай, шашымнан, әжем.
2. Текеметтің, тарамыс, түрінен, тұрмын, әжемнің,
көріп, саусақтарын.
3. Көзіндей, бұл, әжемнің, таба, оюларды, алмадым.
4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тағы қандай ою түрлерін білесіңдер?
Ою-өрнек латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағына-
сы – сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оның әрбір элементінде терең мағына,
үлкен мән бар. Қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай.
«Қошқармүйіз» өрнегі қошқардың иіріліп біткен қос мүйізіне
ұқсайды. Бұл ою халықтың арман-тілегін білдіреді. «Қошқармүйіз»
оюы текемет, сырмақтың ортасына, кебеже, сандықтың беттеріне
салынады. «Қосмүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді
ұқтырады. Ал «сұңқармүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді.
Ғ. Аманова
5-тапсырма. Өздерің білетін ою-өрнектің су ре -
тін салыңдар.
жіп
6-тапсырма. Ою-өрнектер туралы мақал-мә тел- ине
дер тауып жазыңдар. қайшы
ши
ілмек
7-тапсырма. Орын тәртібін сақтай отырып, қор-
жындағы сөздермен сөйлем құраңдар.
7-8-сабақ Ұлттық қолөнер бұйымдары
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер.
Қазақ халқының қолөнері ерте кезден-ақ әлем дік мәдениеттің
көрнекті қайраткерлерін қы зық тырған. Геродот тіпті былай деп жаз-
ған: «Олардың барлық заты алтын мен мыс тан жасалған. Садақтың
148