Page 153 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 153
дейінгі саяхаттар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және
шаруашылығын зерттеу үшін жасалды. Саяхаттар дала жағдайында-
ғы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір түрі – геогра-
фиялық экспедициямен де тығыз байланысты.
bilimland.kz сайтынан
6-тапсырма. Сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құраңдар.
Бағдар, өзара, жоспарлау, анықтама, мүмкін.
7-тапсырма. Қиялға кезек берейік! Қай мемлекетке саяхат жасағыларың
келеді? Сол елдің көрікті жерлері туралы мәлімет жинаңдар. Сол
бойынша төмендегі сөздерді қатыстырып мәтін жазыңдар.
Керемет жер, көркем ғимараттар, әйгілі мейрамхана,
танымал нысандар, таңғаларлық оқиға.
3-4-сабақ Шоқан зерттеулері
1-тапсырма. Шоқан туралы не білесіңдер?
Оның қандай еңбектері бар?
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865) – ғалым,
шығыс танушы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (43-аудио).
Қандай ақпарат естеріңде қалды?
Шоқанды әкесі жеті жасында ауыл мектебіне оқуға береді. Зерек
бала сабаққа алғыр болады. Әсіресе тарих, өлкетану пәндерін өте
жақсы оқиды.
Шоқан мектепте жүрген күннен-ақ қазақ тарихын көп зерттейді.
Халық мақалдарын, аңыз-әңгімелерін жақсы біледі. Жастайынан
ғылымға жақын болады.
Мектеп ұстаздары Шоқанды үлкен ғалым болады деп, оның
келешегінен үміт күтеді.
Шоқан 22 жасында Орыс жағрапия қоғамының мүшесі болып
сайланады. Ол 1858–1859 жылдары Қашқария сапары арқылы
дүниежүзілік ғылымға үлес қосты.
Қазақ фольклорын жинау, зерттеу саласындағы Шоқан туын-
ды ларының мәні зор.
153