Page 154 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 154

3-тапсырма. Мәтін бойынша ғалым Шоқанға мінездеме беріңдер.

                                       алғыр

                                                ШОҚАН






                         4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай жанрда жазылған (мақала ма,
                        күнделік пе, очерк пе)?
               1859  жылы  менің  қоқан  саудагерінің  атын  жамылып  қоқан
           керуенімен  Қашқарға  өтуімнің  сәті  түсті.  Әйгілі  Марко  Поло
           (1272 ж.) және португалдық иезуит Геос Бенедиктен кейін бұл елде
           екі-ақ еуропалық болған. Оның бірі – ост-үнді қызметінің офицері,
           аты-жөні белгісіз, бірақ саяхаты жайында қызғылықты жазбалар
           мен жолсапар жобасын қалдырған неміс те, екіншісі – прусс ғалымы
           Адольф Шлагинтвейт...
               Қашқар Қытайдың түстік желісіндегі провинциясының округтік
           қалаларының қатарына жатады. Былайша айтқанда, Зұлқарнайын
           қолбасшысы Птолемей заманынан бері үлкен керуен сарайларымен,
           әсіресе  кең  өрістеген  шай  саудасымен  аты  шыққан  шаһар.  Азия
           үшін Қашқар бізге Қияқты, еуропалықтарға Шанхай мен Кантон
           қандай болса, сондай. Осынау даңқына орай бұл Азия саудагерлері
           құрлықтың  шалғай-шалғайынан  ағылып  келіп  жататын  орынға
           айналған. Мұнда парсылық пен тибеттікті, Еділ татары мен үндісті,
           ауғандарды,  армяндарды,  жөйттерді,  сығандардың  мультандары
           мен лулуларын және қашып жүрген Сібір казак-орысы, өзіміздің
           отандасымызды ұшыратуға болады...
                                                     Ш.Уәлиханов. «Жоңғария очерктері»

                         5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                        1. Мәтін үзіндісі нешінші жақтан баяндалады?
                        2. Шоқан Қоқан саудагерінің атын жамылып қайда өтті?
                        3. Қашқарға Шоқаннан басқа тағы қандай саяхатшылар
                           сапар шеккен?
                        4. Қашқар қай жерде орналасқан?
                        5. Ол жерде кімдерді кездестіруге болады?


                         6-тапсырма.  «Мен  саяхатшы  болсам,  ...»  та қы ры бына  шағын  мәтін
                        жазыңдар.
           154
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159