Page 157 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 157
ғұрпы айқын көрінеді. Нақыл сөздер ру ескерткіштері ретінде, яғни
ғұрып, аңыздар ретінде, қариялар аузында қасиеттеліп сақталды.
Сонымен қатар халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырды. Қазіргі уақытта қол-
данылмайтын, айтылмайтын толып жатқан сөз жүйелері өздерінің
өте ерте уақытта шыққандығын көрсетеді...
Ш.Уәлиханов. «Жоңғария очерктері»
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, бір-біріңмен диалог
құрыңдар.
3-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашың-
дар.
Сөздер мен сөз тіркестері Мағынасы
аңыз
нақыл сөз
халық аузында
жыршылар
сөз жүйесі
4-тапсырма. Қандай нақыл сөздерді білесіңдер? Олардың мағынасын
ашыңдар.
5-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркесін құраңдар.
Көшбасшылық, ұйым, көп шілік, әуесқой.
6-тапсырма. Саяхатқа шыққан сәттерің туралы ой бөлісіңдер. Қандай
қызықты жағдайларды бастан кештіңдер?
7-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жаз-
баша жауап беріңдер.
1. Бүгін не үйрендіңдер?
2. Мәтіндегі сұрақтарға жауап бере алдыңдар ма?
3. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
4. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару
керек?
157