Page 158 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 158

9-10-сабақ                      Құнды еңбек




                         1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Алдыңғы мәтіндерден айырмашылығы
                        бар ма?
               Ш.Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» өзінің Жоңғарияға жа-
           са ған экспедициясының материалдары негізінде Орыс география-
           лық қоғамының алдында жасаған баяндамасы еді. Мұнда Шоқан
           саяхатшыға тән жүріп өткен жолына, ондағы тұрғын халықтардың
           этникалық  құрамы  мен  тұрмыс-тіршілігіне  айрықша  тоқталады.
           Соның ішінде әдебиет туралы бөлек тоқталып, өте құнды пікірлер
           айт қан. Шоқан осы еңбегінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін эт ногра-
           фия лық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығын айтады. «Жоңғария
           очерктері» ғылымға белгісіз болып келген өлкені жан-жақты та ны-
           тады және сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Шоқанның
           бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.
                                                            «Шоқан асулары» кітабынан

                         2-тапсырма. «Жоңғария очерктері» туралы достарыңнан сұхбат алың-
                        дар. Сұхбат сұрақтарын өздерің дайындаңдар.


                         3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
                        1. Шоқан қандай жерлерге саяхат жасады?
                        2. Шоқанның  зерттеу  еңбектері  хат,  мақала,  очеркке
                           жата ма?
                        3. Зерттеу еңбектерінен естеріңде не қалды?


                         4-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдер құ-
                        раң дар.

                        Шатқал, үңгір, аспалы, шырағдан.

                         5-тапсырма. «Шоқан – зерттеуші ғалым» деген тақырыпта эс се жа-
                        зың дар (90 сөз). Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін орын ды
                        қол даныңдар.


                         Өзіңді тексер!

                        1.  Абайдың өздерің білетін бір өлеңін жатқа жазыңдар.
                        2.  О.Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді ай-
                            тың дар.
           158
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163