Page 155 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 155
7-тапсырма. Ойтаразы. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап
беріңдер.
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды
мәселе қандай болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен
тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
қалай сезіндім?
5-6-сабақ Жоңғария очерктері
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (44-аудио). Мәтінде не туралы айтылған?
...Мен өзімнің Алатау қырғыздары ордасына саяхат жасап барып
қайтқан сапарымның нәтижелерін ғана баяндап бергім келеді.
Басып өткен жерлерінің ыңғайына қарай менің саяхатымды екі
кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге менің Жоңғарияға барған
сапарым, яғни Жетісу, Іле өлкелерін аралап, Ыстықкөлде болуым
жатады. Бұл жерлердің табиғи сипаты Сібір штабының түсірген
тәп-тәуір суреттері арқылы бұдан бұрын да таныс-тын. Ғылыми
тұрғыдан бұны Шренк, Влангали, Семенов және Голубев мырзалар
әжептәуір зерттеген-ді. Әйткенмен бұл ақпарат хабарлар физикалық
жағрапия деректерімен ғана шектеліп, этнографияға мүлдем соққан
жоқ. Мен Жоңғарияда алғаш рет 1856 жылы болып, полковник
Коментовскийдің Ыстықкөл бағытындағы бірінші экспедициясына
қатысқанмын. Сонан соң үш ай Құлжада тұрдым. Жоңғарияда
мен ұзын саны бес ай болып, бұл өлкені ерсілі-қарсылы шарлап,
Алакөлден Тянь-Шаньға дейін бардым. Ал Тянь-Шаньға сол жылы
Шырғалаң өзенін бойлай отырып көтерілдім...
Ш.Уәлиханов. «Жоңғария очерктері»
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша Шоқан жүрген жердің картасын
сызып көріңдер.
155