Page 150 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 150

5-тапсырма. Сурет пен мәтіннің арасындағы байланысты табыңдар.

               Қазақтың  ағаш  ыдыстарының  өзіндік  ерекшеліктері  –  оның
           көлемділігі.  Мысалы,  бұрын  қазақ  ауылдарында  бір  қойдың  еті
           тұтас сыйып кететін керсен тәрізді ыдыстар болды. Қазір де оның
           кейбір түрлері ел ішінде сақтаулы. 1871 жылы Семейдегі көрме
           ұйымдастыру комитеті өзінің хаттама құжаттарында қазақтың тек
           қашау мен пышақ арқылы қайың ағашынан ыдыстарды өте шебер
           жасайтынын жазып қалдырыпты. Жалпы қазақ халқында қолөнер
           шеберлері жасаған ыдыстардың 65 түрі кездеседі.
                                                              «Тәрбие құралы» кітабынан


                         6-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар.
                        Былғары, ер-тұрман, құрал-сайман, киімілгіш, жиһаз.



                         7-тапсырма. «Қазақтың қолөнері» тақырыбына эссе жазыңдар (90 сөз).
                        Теңеу, эпитет сөздерін қолданыңдар.



             9-10-сабақ                      Өнер – таусылмас азық




                         1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, пікір алмасыңдар. Мәтінді өздерің
                        аяқтаңдар.
               «Өнер – таусылмас азық, жұ та мас байлық» деген халық да на-
           лы ғы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның
           дү ние танымына,  эстетикалық  сезіміне,  алға  қойған  мақсатының
           ай қын далуына әсер етеді...
                                                              «Тәрбие құралы» кітабынан

                         2-тапсырма. Мәтіндегі мақалдың мағынасын ашыңдар.



                         3-тапсырма. Топқа бөлініңдер. Әр топ қолөнер бұйымдарының бірін
                        таңдап, жарнама жасаңдар.
                        Талаптары:

                           • бұйымның неден жасалғанын;
                           • оның қандай мақсатта пайдаланылатынын санама лап
                           айтыңдар.
           150
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155