Page 147 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 147

5-6-сабақ                       «Оюлар»







            Қазақ  ақыны  Фариза  Оңғар сынова  (1939–2014)  –
        көптеген өлең жинағы ның авторы. Шығармалары шет
        тілдеріне аударыл ған.



                      1-тапсырма.  Өлеңнен  үзінді  тыңдаңдар.
                      (42-аудио). Өлеңде қандай жаңа сөздер мен сөз
                      тіркестері кездесті? Дәптерлеріңе жазыңдар.
                                            Оюлар

                         Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
                         Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
                         «Келе ғой, қошақаным, өзіме!» – деп,
                         Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
                         Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
                         Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
                         Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
                         Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
                         Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
                         Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
                         Әжемнің көзіндей бұл оюларды
                         Таба алмай дала кезіп шаршап едім.

                         Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
                         Келгенде құлағыма аңсатқан үн.
                         Түрінен текеметтің көріп тұрмын,
                         Әжемнің тарамысты саусақтарын...
                                                                         Ф. Оңғарсынова



                                       Білгенге маржан...
                Текемет – бетіне ою-өрнек басыл ған киіз.
                Басқұр – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын
            айналдыра орап байлайтын жалпақ бау.
                Желбау – киіз үйдің шаңырағына тағылатын өр нек телген
            ша шақты бау.


                                                                                    147
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152