Page 145 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
        P. 145
     7-тапсырма.  Үйлеріңде  қолдан  жасалған  заттар  бар  ма?  Мәлімет
                      жинаңдар.
          3-4-сабақ                       «Апамның астауы»
            Оралхан  Бөкей  (1943–1993)  Шығыс  Қазақстан  об-
        лысы, Қатон қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауы-
        лында дүниеге келген. Жазушы, драматург О.Бөкейдің
        шығармалары көптеген шет тіліне ауда рыл ған.
                      1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (41-аудио).
            Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-            Түсіндірме сөздік
        шешеміз мал соңында жүретін. Айында-жылында
        ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз.              Мұқым – бүкіл.
                                                                      Пима – жүннен
        Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген                  ба сылған қысқы
        еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт             аяқкиім.
        тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй, әрине,               Тоқал там –
        бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал               шатыры жоқ үй.
        ағаш тамның маңайы қысы-жазы айғайлап шу-
        лаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым
        жерден  арқырап  ағып  жатар  ағыны  қатты  Бұқтырма  жаз  шыға
        суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ
        ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан
        пимасын, сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын біздің үйге келіп
        кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының
        абзал анасы сықылданатын.
                                                           О. Бөкей. «Апамның астауы»
                      2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
                      1. Әңгімеде қай кезең суреттеледі?
                      2. Әңгімені кім айтып отыр?
                      3. Бала кейіпкер неліктен Апасын ауыл балаларының
                         абзал анасына теңеді?
                                                                                    145
     	
