Page 141 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
        P. 141
     Арасында құлын-тай,
                                  Айнала шауып бұлтылдап...
                                                                                   Абай
                      2-тапсырма.  Жаздың  әдемі  көрінісін  беріп  тұрған  тірек  сөздерді
                      айтыңдар. Сол сөздерге сүйеніп, әңгіме құраңдар.
                      3-тапсырма. Өлеңді қайталап оқыңдар. Сұрақтар дайындаңдар. Ақынның
                      не айтқысы келгенін жұптарыңнан сұраңдар. Сұрақтарыңда төмендегі
                      мәселелер болсын.
                         • Өзенге ауылдың көшіп келуі
                         • Ауылдың жанында малдың жайылып жүруі
                         • Жаздыгүнгі табиғат
                      4-тапсырма. Жаз және күз мезгіліне байланысты 3-4 сөйлемнен тұратын
                      мәтін құраңдар.
                      5-тапсырма. Жыл мезгілдеріне қатысты мақал-мәтелдер тауып айтың-
                      дар.
                      6-тапсырма.  Табиғат  аясында  болған  бір  күндерің  жайлы  күнделік
                      жазыңдар.
                      7-тапсырма. «Табиғат» тақырыбына арналған қандай өлеңдерді біле-
                      сің дер?
          15-сабақ                        Табиғат құбылыстары
                      1-тапсырма. Жұмбақтарды шешіп, бүгінгі тақырыпты болжаңдар.
                               Қыстыгүні аппақ,
                               Жаздыгүні сұп-сұйық.
                               Қуып едім, мойнын бұрмады,         (Қар, су)
                               Ұстайын деп едім, қолға тұрмады.
                               Таудан топ түсті,                                (Боран)
                               Аяқ-қолы жоқ түсті.
                                                                 (Бұршақ)
                               Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
                               Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
                                                                                  (Найзағай)
                                                                                    141
     	
