Page 138 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 138
2-тапсырма. Өлеңнен үзінді тыңдаңдар (38-аудио). Мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды анықтаңдар.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды...
Абай
3-тапсырма. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...», «Үсті-басы ақ қырау, түсі
суық...» деген өлең жолдарының мазмұнын мұғалімнің көмегімен тү сі-
ніңдер.
4-тапсырма. Мәтінді себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғау лық-
тарды қатыстырып жазыңдар.
Қыс айларында жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес. Құстар
жылы жаққа кетеді. Сауысқандар, алақарғалар және торғайлар
қалады. Табиғаттың сұрапыл жағдайынан сақтану үшін арқар,
елік, қарақұйрық, киік және марал сияқты аңдардың жүні күзден
бастап ұзарып, қалыңдайды. Кейбір аңдардың терісінің астында
май қабаты сақталады. Бұл оның бойындағы жылулықты сақтап,
қыста тоңдырмайды.
С.Махмұтов
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, жұптарымен диалог
құ рыңдар.
6-тапсырма. Кестені толтырыңдар.
Маған қыс мезгілі өте ұнайды, себебі ...
... өйткені шаңғы теуіп,
шанамен сырғанаймыз.
138