Page 133 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 133
3-4-сабақ «Құлақтан кіріп, бойды алар»
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (37-аудио). Тірек сөздерді анықтаңдар.
Абайдың ерекше көңіл бөлген тақырыптарының бірі ән болатын.
Ол әнге ерекше мән берген. Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән-
күйдің әділ сыншысы да бола білген. Мысалы, «Құлақтан кіріп,
бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй...» атты өлеңінде ән құдіретіне
терең мән берген.
Құлақтан кіріп, бойды алар Дүние ойдан шығады,
Жақсы ән мен тәтті күй. Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілге түрлі ой салар, Көңілім әнді ұғады,
Әнді сүйсең, менше сүй. Жүрегім бойды жылытып...
2-тапсырма. Өлең мазмұны бойынша жұптарыңмен диалог құрыңдар.
Сұрақтарын өздерің дайындаңдар.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға себебі, сондықтан, өйткені жал ғау-
лықтарын қолданып, жауап беріңдер.
1. Абайдың ерекше көңіл бөлген тақырыптарының бірі
не?
2. Сен ән тыңдағанда қандай әсер аласың?
3. Күй деген не? Күй тыңдайсыңдар ма?
4-тапсырма. Мағыналас сөздерді сәйкестендіріңдер.
зейінді қайырымды
әділдік түсіну
әлек көркем
әсем шыншылдық
ұғу әуре
надандық алғыр
рақымшыл білімсіздік
5-тапсырма. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін мұғаліммен бірге
айтыңдар.
Көзімнің қарасы, Қазақтың данасы,
Көңілімнің санасы. Жасы үлкен ағасы.
Бітпейді іштегі, Бар демес сендей бір
Ғашықтық жарасы. Адамның баласы.
133