Page 135 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
        P. 135
     4-тапсырма. Өлеңді оқыңдар. Мазмұнын қарасөзбен жазыңдар.
                               Желсіз түнде жарық ай,
                               Сәулесі суда дірілдеп.
                               Ауылдың жаны терең сай,
                               Тасыған өзен гүрілдеп.
                               Қалың ағаш жапырағы
                               Сыбырласып өзді-өзі.
                               Көрінбей жердің топырағы,
                               Құлпырған жасыл жержүзі...
                      5-тапсырма.  Абайдың  «Желсіз  түнде  жарық  ай»  өлеңінің  мазмұны
                      бойынша сурет салыңдар.
                      6-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, табиғат көрінісін суреттеңдер.
                      Жайдары  жаз,  тұманды  күз,  сақылдаған  аяз,  қарлы
                      боран,  желсіз  түн,  терең  сай,  тасыған  өзен,  жасыл
                      жержүзі.
                      7-тапсырма. Кім жылдам? Бұл қай мезгілде болады?
                                 Сөйлемдер              Күз     Қыс     Көктем    Жаз
                        Құстар жылы жаққа кетеді.
                        Шық түседі.
                        Жер беті жасыл түске
                        боялады.
                        Жеміс-жидек пісіп, егін
                        орылады.
                        Жапырақтар сарғаяды.
                        Сай-сала суға толады.
                        Кейбір аңдар ұйқыға кетеді.
                        Ағаштар бүршік атады.
                        Боран соғып, аяз болады.
                                                                                    135
     	
