Page 140 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 140
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
... келді. Қар еріп, ... жылынды. Өзендерде ... жүре
бастады. ... бүршік атты. Жылы жақтан ... ұшып келді.
... көкте жүріп ән шырқайды. Осының бәрі ... келгенін
білдіреді.
Керекті сөздер: ағаштар, бозторғайлар, көктемнің, күн,
сең, көктем, құстар.
6-тапсырма. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы сұхбаттасыңдар.
7-тапсырма. Жаңылтпашты кім жаңылмай тез айтады?
1. Көкпеңбек көктем кеп,
Көптен-көп төкті еңбек!
Төкті еңбек көптен-көп,
Көңілді кетті еңбек,
Кетті еңбек көктем боп!
2. Шөмеленбеген шөпті
Мен шөмелемей,
Кім шөмелейді?
13-14-сабақ Жаз
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (39-аудио). Қай мезгіл суреттелген?
Пікір алмасыңдар.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
140