Page 128 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 128

Ойындардың жалпы ұзақтығы ашылу және жабылу салтана-
               тын қоса есептегенде, жеті күннен аз емес, он алты күннен артық
               емес.  Азия  ойындары  Халықаралық  олимпиада  комитетінің
               қадағалауымен, Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Екін-
               ші Дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуел сіз-
               дік алды. 1949 жылы Азия ойындары Үндістанда өтетін болып
               шешім қабылданған.



                         5-тапсырма. Еліміз Азия ойындарына қашаннан бері қатысады? Мәлімет
                        жинаңдар.

                         6-тапсырма. «Мен шымыр боламын» деген тақырыпта эссе жазыңдар
                        (90 сөз).


             13-14-сабақ                     Күшті болсам...




                         1-тапсырма. Күшті адам деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сұхбатта-
                        сыңдар.


                         2-тапсырма. Өлеңді тыңдаңдар (35-аудио). Қандай ой айтылған?

                                     Күшті болсам мен егер
                                 Елең қылмай күнді ыстық,
                                 Ойнап жүрген батырмыз.
                                 Көл шетінде тыныштық,
                                 Әңгіме айтып жатырмыз.
                                 – Теңдесі жоқ жалғанда,
                                 Мықты болсам мен тіптен,
                                 Екі-үш ұрттап қалғанда,
                                 Құрғай қалса көл біткен, –
                                 Дейді Ақан:
                                 – Үйіңді
                                 Екі-ақ теуіп жояр ем.
                                 Пойызды сол күйінде
                                 Жұтып қояр ем.
                                 – Мықты болсам, – дейді Асқар,


           128
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133