Page 146 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 146
3-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің балама-
сын тауып, сөйлемдер құраңдар.
Жақын жерде, үнемі, тыным таппай іздеу, сияқты,
үйдің жаны.
4-тапсырма. Мәтінді кезектесіп оқыңдар. Қай мәтіннің жалғасы екенін
анықтаңдар.
Жаз шыға, бәріміз (әпкелерімді айтамын) Түсіндірме сөздік
Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға
аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда Мая – үйілген
шөп.
Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер Келі – дәнді да-
күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық қыл дарды ұн тақ-
шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға тауға арналған
толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана ағаш құрал.
әке-шешеміздің мойнында... Шынымды айтсам, Астау – ағаштан
жасалған ыдыс.
бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді,
оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған
келісі мен ескі астауы еді... Осы келі мен астау тіпті әкемнен де
үлкен...
Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген
атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен
жыл жолдас болған жыртық астау да қаңсып қалды, әне... Апам
ала кеткен жоқ. Апам менің...
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі
де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...
О. Бөкей. «Апамның астауы»
5-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді теріп жазып,
мағына сын ашыңдар.
6-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, сұраулы, лепті, хабарлы
және бұйрықты сөйлемдер құраңдар. Сөйлемдеріңде сөздердің орын
тәртібін сақтаңдар.
Келі, астау, соғым, қора, отын, шөп, тоғай.
7-тапсырма. Оралхан Бөкейдің қандай шығармалары бар? Мәлімет
жи наңдар.
146