Page 156 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 156
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Шоқанның саяхатын неше кезеңге бөлуге болады?
2. Жоңғарияда алғаш рет қай жылдары болған?
3. Бұл сапарға не үшін шыққан?
4. Жоңғария сапары кезінде Шоқан қай өлкеде болды?
4-тапсырма. Мәтінді талдаңдар. Шоқанның зерттеулері жайын-
да көршілеріңмен ой бөлісіңдер.
Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар. Түсіндірме сөздік
Бұны, қазақтардың айтуына қарағанда, құ лан-
дарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Құлан – жылқы
тектес жабайы аң.
Хан ның жас баласы атқа отыруға үйреніп жүрген
кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп
әкетіп, баласы қаза тауыпты. Содан кейін Тарбағатайдан Ілеге
дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып
өлтіріпті. Қазіргі уақытта Жоңғарияда екі түрлі халық тұрады.
Буряттар немесе нағыз қырғыздар және үйсін деп аталатын Ұлы жүз
қазақтары. Көптеген қырғыз-қазақтардың ертегілерін, мифтерін,
эпос, жырларын және аңызда рын жинап жүріп, олардың Еуропа
халықтарының, әсіресе сла вяндар дың сол сияқты шығармаларына
ұқсастығына таңғалдым...
Ш.Уәлиханов. «Жоңғария очерктері»
5-тапсырма. Мәтіндегі бірнеше сөздің түбірі мен қосымшасын ажыра-
тып, нормаға сай жазылып тұрғанын түсіндіріңдер.
6-тапсырма. Шоқанның әңгімесі бойынша күнделік жазыңдар. Тыныс
белгілерін дұрыс қолданыңдар.
7-тапсырма. Сұрақтарға 3-2-1 критерийі бойынша жауап беріңдер.
• 3 маңызды ақпарат;
• қиындық келтірген 2 мәселе;
• тапсырмадағы ұнаған 1 мәселе.
7-8-сабақ Шоқан саяхаты
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді анықтаңдар.
Халық аузындағы нақыл сөздердің этнография үшін маңызы
ора сан зор. Өйтке ні нақыл сөздерден халықтың тұрмысы мен әдет-
156