Page 114 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 114

5-тапсырма. Төменде берілген сын-қимыл үстеулерін қатыстырып сөй-
                        лемдер құраңдар.
                        Ақырын жүгірді, бірден айтты, емін-еркін сөйледі, тез
                        еріді, зорға жетті.

                         6-тапсырма. Қазақстанның байлығы туралы диалог құрыңдар.


                         7-тапсырма. «Бай болсам, не істер едім?» деген тақырыпта бір күн-
                        дерің ді қалай өткізетіндерің жайлы күнделік жа зың дар.



             7-8-сабақ                       Менің елім



                         1-тапсырма. Мақалдарды оқыңдар. Мағынасын жұптарыңа түсіндірің-
                        дер.
               1. Бейбіт елде береке бар.           4. Келісті кеңес ерде бар,

               2. Азығымен жер мүсінді,               Қымбат қазына жерде бар.
                 Еңбегімен ер мүсінді.              5. Көл жағалаған аштан өлмес.

               3. Жері семіздің – малы семіз.


                         2-тапсырма.  Қарамен  берілген  сөздердің  мағынасын  түсіндірме
                        сөз діктің немесе мұғалімнің көмегімен ашыңдар. Қайсысы тура ма ғы-
                        надағы сөз, қайсысы ауыспалы мағынадағы сөз екенін анықтаңдар.


                         3-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (30-аудио). Тірек сөздерді табыңдар.

               Елімізде  кен  орындары  көп.  Ересен  байлығымен  қиялыңды
           қайран қалдыратын Кенді Алтай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік
           Қазақстан,  Торғай,  Қостанай  облыстарын  мақтанышпен  атауға
           болады.
               Кенді Алтайдың сирек және шашыранды элементтер орналасқан
           бірнеше жүздеген қорғасын, алтын, күміс кен орны  белгілі. Оның
           байтақ қойнауында халықшаруашылығының қай саласына болмасын
           қажетті пайдалы қазбалардың басқа түрлері де жеткілікті. Мысалы,
           шымтезек, газ, жанғыш тақтатастарға өте бай.
                                              «Қазақстан кен орындары» анықтамалығы

                         4-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жұптарыңмен диалог құрың-
                        дар.

           114
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119