Page 62 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 62
2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (15-аудио). Не туралы айтылған? Театр
туралы тағы не білесіңдер?
Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір
орын – театр. Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы. Қазақ сахнаны киелі
санайды. Бүгінде ірі қалалардың бәрінде театр бар.
Театр, бір жағынан, өнер, екінші жағынан, адам өмірінің сан
алуан қырын шынайы бейнелейтін алаң.
Театр адамның ой-санасын жетілдіреді, өмірдің мұңды, қызықты
сәттерін көрерменге жеткізеді.
«Ұлан» газетінен
3-тапсырма. Мәтінді әрі қарай өз ойларыңмен то лық ты рып жазыңдар.
4-тапсырма. Кім жылдам? Өнер туралы мақал-мәтел айтып жарысың-
дар.
5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған қағидаларды орын дай-
сыңдар ма? Мәтін мазмұны бойынша жұптарыңмен диалог құрыңдар.
Кез келген ортаның өз заңы не мәдениеті болады. Театр – на ғыз
өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сақ-
тамау – ұят. Театрда сақталуы тиіс қағидалар:
• қойылымға уақытынан бұрын не кешікпей кел;
• үстіңе сол ортаға сай киіміңді ки;
• қойылым басталар алдында ұялы телефоныңды дыбыссыз ре-
жімге қой не сөндіріп таста. Сырттан келген қоңырау сені ғана
емес, қасыңда отырған көрермендерді де мазалайды;
• қойылым басталысымен-ақ басқа шаруаның бәрін қойып, бар
көңіліңді сахнаға бұр;
• қойылым біткен соң көрермендермен бірге тұрып, қошемет
көр сет.
И. Бөлекбаева
6-тапсырма. Театр дегенде алдымен ойларыңа қандай сөздер түседі?
Тізімді жалғастырыңдар.
Күләш Байсейітова атындағы Опера және балет театры, Максим
Горький атындағы Орыс драма театры, Қалибек Қуанышбаев атын-
да ғы Музыкалық драма театры, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ
мем ле кеттік академиялық драма театры, Абай атындағы Қазақ
мем ле кеттік академиялық опера және балет театры...
62