Page 57 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 57

БОЛЫМСЫЗДЫҚ  ЕСІМДІКТЕРІ

                Болымсыздық есімдіктері, негізінен, еш деген сөзбен кейбір
            есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір,
            ештеме, ешқашан, ешқандай, ешқайсысы. Болымсыздық сөйлемде
            болымсыздық мағына білдіретін  емес, жоқ деген сөздер мен және
            етістіктің  болымсыз  түрімен  байланысты  қолданылады  (ешкім

            айтқан емес, ешкім айтқан жоқ, ешкім айтпады т.б.).
                                  ЖАЛПЫЛАУ  ЕСІМДІКТЕРІ

                Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я
            одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қол-
            данылатын сөздерді айтамыз. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық,
            барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер жатады.




                      4-тапсырма. Мәтінде қандай жоба туралы айтылған? Мәтінде көтерілген
                      мәселені шынайы өмірмен байланыстырыңдар.
              Қазақ тілін үйрететін мобильді қосымша жасаған екі дос
            Қазіргі  таңда  IT  технологиясын  еркін  меңгерген  білімді,
        жасампаз  оқушыларды  қолдау  мақсатында  «Infomatrix  жобасы»
        атты  халықаралық  жарыс  өткізілді.  Бұл  халықаралық  жоба  4
        секциядан тұрады: Programming, Computer art, Hardware control,
        Robotics. Онда барлығы 10 мемлекеттен 50-ге тарта жоба қатысқан.
        Ал  жалпы  саны  4  секция  бойынша  272  жобамен  500-ге  жуық
        оқушы сайысқа түскен. Павлодардағы «Білім-инновация» лицейінің
        шәкірттері  Шыңғыс  Рахат  пен  Абдулғафар  Берсүгір  осы  жобада
        өздерінің бақтарын сынап, үшінші орынға ие болды. Олар қазақ
        тілін үйрететін мобильді қосымша жасап шығарды. Ол үшін қазақ
        тілінің  заңдылығын  жазған  ғалымдардың  еңбектерін  көмекші
        құрал ретінде қолданған. Ана тілімізді жаңадан үйреніп жатқан
        адамдар үшін қазақ тілінің ережелерін, заңдылығын бірден игеріп
        кету қиынға соғады. Бұл мобильді қосымшаға деңгейлік кезеңдер
        бойынша тапсырмалар мен көмекші сөздер енгізілген. Сондай-ақ
        қалыптасқан ауызекі сөйлеу тілінің бірнеше баламасы ұсынылған.
                                                                  bilimsite.kz сайтынан

                      5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                      1. «Infomatrix жобасы» туралы көпшілік біле ме?
                      2. Бұл жоба қанша секциядан тұрады?
                                                                                     57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62