Page 42 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 42

2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тірек сөздерді анықтаңдар.
               Алатау тауы – Іле Алатауы, Күнгей Алатау,                Түсіндірме сөздік
           Теріскей  Алатау,  Талас  Алатауы,  Қырғыз
           Алатауы, Жетісу Алатауы деген тау жо талары.                 Күнгей – күн
                                                                        сәу лесі көбірек
           Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың                  тү се тін жағы.
           мұздықтар  мен  қарлы  шыңдар  болып  келеді.                Теріскей – сол-
           Көпжылдық  қардан  таулар  үнемі  ала  болып                 түстік жағы.
           жатады.  Соған  байланысты  Алатау  аталған.
           Алатаудың табиғаты әсем, етегі толған ел, суы шипалы, ауасы таза,
           жері құнарлы. Жетпіс жылдай еліміздің астанасы болған жұмақ
           қала Алматы мен Талдықор ған қалалары да осы таудың баурайында
           орналасқан. Тау қойнауындағы сандаған демалыс және сауықтыру
           орны, Медеу мұзайдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орын-
           дар Алатаудың мәртебесін арттыра түседі.
                                                         «Экология жаршысы» кітабынан


                         3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                        1. Алатау тауында қандай жоталар бар?
                        2. Ол жоталар қандай?
                        3. Неге Алатау деп аталған?
                        4. Алатаудың табиғаты қандай?


                         4-тапсырма.  Топтық  жұмыс.  1-топ  мәтіннен  ауыспалы  мағынадағы
                        сөздерді, 2-топ сын есімдерді, 3-топ деректі, дерексіз зат есімдерді теріп
                        жазыңдар.


                         5-тапсырма. Өлеңді тыңдаңдар (7-аудио). Ақын тауды бейнелеуде қан-
                        дай сөздерді қолданған?
                                              Алатау

                              Тізілген таулары бар Жетісудың,
                              Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
                              Дариядай сол таулардан тулап тасып,
                              Көресің тамашасын аққан судың.

                              Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
                              Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
                              Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,
                              Бір татсаң, аузыңнан дәм кетпейтін.
                                                                                Ж. Жабаев

           42
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47