Page 37 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 37

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,
                            Қуат алып қыранның қанатынан.

                            Мен таулықпын!
                            Таудан мен жаратылғам,
                            Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.
                            Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
                            Маған келіп түнейді қара тұман.

                            Тау ұлымын,
                            Тау – менің дәу бесігім,
                            Мен оның әуресімін, сәулесімін.
                            Асқар шыңдар желпиді бесігімді,
                            Бір орамын ағытып сәлдесінің.
                            Мен таулықпын!
                            Таудан мен жаратылғам.
                            Тау деген Ана туған дара тұлғам...
                            Тауға барып,
                            Көкке ұшып кетсем бе екен?
                            Ұстап алып қыранның қанатынан.
                                                                          М. Мақатаев

                      2-тапсырма. Мен таулықпын, таудан жаратылғам, тау ұлымын де ген
                      сөз тіркестерінде кім туралы айтылған? Қалай ойлайсыңдар, неліктен
                      автор өзін таулықпын дейді?


                      3-тапсырма. Өлеңнің бір шумағын жатқа жазыңдар.



                      4-тапсырма. Өлеңнің авторымен танысыңдар. Ақын туралы мәліметті
                      толықтырыңдар.





            Мұқағали  Мақатаев  (1931–1976)  Алматы  облысы,
        Райымбек  ауданы,  Қарасаз  ауылында  дүниеге  келген.
        Мұқағали – қазақтың лирик ақыны. Ақынның көптеген
        жыр жинағы бар. Өлеңдермен қатар көптеген поэма ның
        авторы.






                                                                                     37
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42