Page 41 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 41

5-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңдар.

            Төрт-бес үйлі ауылда үш-ақ бала. Ең кішкентайы – Ерік. Берік
        болса, күзде үшінші сыныптың есігін ашады. Оның інісі Серік биыл
        бірінші сыныпты бітірді.
            Балалар таң атса, үй көрмейді. Теңізде шалпылдатып шомылып
        жатқандары. Жиектен шырмауықтың собығын тереді.
            Бүгін Берік оларды теңізге алып шықты. Мінгендері – ауқайық,
        су бетін ақырын сызып, жылжып келеді. Беріктің қолындағы қос
        ескек жалт-жұлт етіп, біресе жоғары көтеріледі, біресе төмен түседі...
                                                                              З.Шүкіров


                      6-тапсырма. Сын есімдерді қолданып, өздерің тұрып жатқан елді ме-
                      кеннің қандай жер екенін айтып беріңдер.



                      7-тапсырма. Жаңылтпаштарды  жаңылмай  айтыңдар.  Сан  есімдерді
                      тауып, жинақтық сан есімге айналдырыңдар.

          1. Үш кіші ішік піштім,             2. Арқада алты арқар бар,
             Бес кіші ішік піштім.               Қырқада қырық арқар бар.
             Неше кіші ішік піштім?              Қырық арқарда қарт арқар бар.



          9-10-сабақ                        Алатау



                      1-тапсырма. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Сипаттаңдар.


























                                                                                     41
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46