Page 39 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 39

ЖИНАҚТЫҚ  САН  ЕСІМ


                Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу?
            деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге
            дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарының жалғануы
            арқылы жасалады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу,
            ат екеу, қасқыр бесеу (І.Жансүгіров). Дауысты дыбысқа бітетін
            екі,  алты,  жеті  деген  есептік  сан  есімдерге  ­ау,  ­еу  жұрнағы
            жалғанғанда түбірдің соңындағы ­ы, ­і  дауысты дыбыстары түсіріліп
            қолданылады. Мысалы: екеу, жетеу, алтау және т.б. Жинақтық сан
            есімдер, әдетте, зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да,
            заттанып тұрады. Әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей береді.



                      3-тапсырма. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазып, кестеге
                      орналастырыңдар.
                      4, 7, 9, 3, 5, 1, 2, 15, 86, 39.


                              Реттік сан есім                Жинақтық сан есім




                      4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақтар
                      қойып, диалог құрыңдар.
            Мен демалыста тауға шықтым. Тастардың арасымен өр леп, тау
        биігіне  көтерілгенде,  үңгірге  кездестім.  Үңгірдің  аузы  тар,  биік-
        тігі  2  метрден  асады.  1–1,5  метр  тар  ауыздан  өткен  соң,  әрі  қа-
        рай кеңейе берді. Іші қап-қараңғы. Үшкір, тайғақ тастар өте көп.
        Тайғақ тастардан ақырын өтіп, шағын көлге тап болдым. Көлдің
        ені шамамен 15 метр, ұзындығы 20 метрдей. Көлдің суы сұп-суық
        екен...


                      5-тапсырма. Мәтінде берілген сан есімдерді реттік және жинақтық сан
                      есімге айналдырыңдар.

                      6-тапсырма. 40, 1, 50, 6, 4, 7 сандары қатысқан мақалдар айтыңдар.



                      7-тапсырма. Сен білесің бе? Қазақтарда жеті киелі сан саналады. Жеті
                      санымен байланысты табиғат құбылыстарын, аспан денелерін, туыстық
                      атауларды атаңдар. Оларға түсінік беріңдер.
                      Үлгі: жеті ата – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
                      немене.
                                                                                     39
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44