Page 34 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 34
3-тапсырма. Өлең мазмұны бойынша сурет салыңдар. Суреттегі көріністі
көршілеріңе сипаттап айтыңдар.
4-тапсырма. Сын есімдерді қатыстырып, бір күндерің туралы күнделік
жазыңдар.
5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақ
қойыңдар.
Жазғы демалыс кезінде
Айнұр жазғы демалыс кезінде ауылға, әпкесі Айгүлдің үйіне
қонаққа барды. Қалада өскен оған ауыл өмірі дәл бір ертегі сияқты.
Әр үйдің қорасында қой, ешкі, жылқы, сиыр бар. Олардың
төлдері: қозы, лақ, құлын, бұзау қандай әдемі, қандай сүйкімді!
Бір ешкінің кішкентай ғана ақ лағы бар еді. Айнұрға қатты
ұнағаны сонша, жатса да, тұрса да оны қасынан тастамайтын болды.
Емізікпен сүт те береді, шөп те жұлып аузына тосады.
Бір күні Сара апай: «Айнұр, саған осы ақ лақты сыйладық», –
деді. Қуан ған нан Айнұрдың төбесі көкке жеткендей болды.
Лақ сондай әдемі, секіріп ойнақтап, кішкене мүйіздерімен
Айнұрды сүзіп қояды...
«Балдырған» журналынан
6-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.
7-тапсырма. Топтық жұмыс. Ауыл мен қала өміріндегі жағдаяттарға
мы сал келтіріп, адамдардың іс-әрекетіндегі өзгешеліктерді сипаттаңдар.
8-тапсырма. «Шығу парағын» толтырыңдар.
1. Тақырып бойынша не үйрендіңдер?
2. Сендер үшін тақырыптың құнды жақтары қандай
болды?
3. Сын есімдерді қаншалықты меңгердіңдер? Мысал кел-
тіріңдер.
34