Page 21 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 21
СЫН ЕСІМ
Сын есім заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын,
көлемін т.б. қа сиет терін білдіреді. Қандай? қай? деген сұрақтарға
жауап бе реді. Мысалы: Бүгін күн салқын болды. Ағам таулы
жерлерде жүр ген ді жақсы көреді. Мен көпқабатты үйде тұрамын.
Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыс тық
сын есім болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тіке-
лей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы:
көк (негізгі сын есім) шөп, қызыл (негізгі сын есім) бояу, жақсы
(негізгі сын есім) сөз.
Заттың сын-сипатын, әртүрлі белгісін басқа сөз табының қатысы
арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы:
өнерлі (туынды сын есім) жігіт, орманды (туын ды сын есім) алқап.
4-тапсырма. Оқылым мәтінінен сын есімдерді тауып, олардың қандай
қасиетті (түсі, сапасы, белгісі) білдіретінін жазыңдар.
5-тапсырма. Төменде берілген сөздерге сын есімдерді қатыстырып, сөз
тір кестерін жазыңдар.
Ауыл, қала, еңбек, көше, халық, қора, жидек.
6-тапсырма. Қазақстан қалалары туралы не білесіңдер? Сөзжұмбақты
шешіңдер.
1. Көмір өндіретін шахталар- 1 Қ
ға бай қала. 2 А
2. Ғарышайлағы бар қала. 3 З
3. Күріштің отаны. 4 А
4. Қазақстанның ең ежелгі 5 Қ
қалаларының бірі. 6 С
5. Батыс Қазақстанда ор на- 7 Т
ласқан қала. 8 А
6. «ЭКСПО-2017» халықара- 9 Н
лық көрмесі өткізілген қала.
7. «Бурабай» демалыс орнымен танылған қала.
8. «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты қай қалада?
9. Ұлы Жібек жолында орналасқан қала.
21