Page 22 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 22

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Тура және ауыспалы мағы на-
                        дағы сөздерді қолданыңдар.
                        1. Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?
                        2. Ол қалалар несімен ерекшеленеді?
                        3. Сендерге ауылда тұрған ұнай ма, әлде қалада тұрған
                           ұнай ма? Себебін түсіндіріңдер.



             3-4-сабақ                       Ауыл – еңбек пен берекенің ошағы



                         1-тапсырма. Сурет бойынша берілген жауаптарға сұрақ қойып, диалог
                        құрыңдар. Диалогтен сын есімдерді табыңдар.
























               – ... ?
               – Мен өткен жазда атам мен апамның ауылында болдым.
               – ... ?
               – Иә, әрине, ұнады. Ауылда таза ауа, тыныштық. Далада емін-
           еркін ойнай аласың. Демалуға жайлы.
               – ... ?
               –  Менің  байқағаным,  ауылдағы  жергілікті  тұрғындар  өте
           еңбекқор.  Ерте  тұрып,  іске  кірі седі.  Таңның  сұлулығын,  күннің
           арайлап шығуын көре алады.
               – ... ?
               –  Иә,  әрине,  қалада  да  көруге  болады.  Бірақ  қалада  үнемі
           қарбалас. Біз қалада мектепке асығып, үлкендер жұмысқа асығып,
           ол сұлулыққа аз мән беретін сияқтымыз.

           22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27