Page 20 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 20

2-ТАҚЫРЫП         ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚ  АУЫЛЫ  МЕН
                                            ҚАЛАНЫҢ  ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

                                            Ә.Дүйсенбиев. «Бәтеңке, шұжық,
                                            балқаймақ»


             1-2-сабақ                       Ауыл мен қала


                         1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, ақпараттың ауылға немесе қалаға тән
                        екенін анық таңдар. Кестені толтырыңдар.

                                          Сөйлем                      Ауыл        Қала
                           Кең дала мен таза ауа.
                           Көшеде көп адам кездеседі.

                           Төрт түлік мал жайылымда жүреді.
                           Жол қозғалысында кептеліс болады.
                           Шағын және тыныш.

                           Мәдени орталықтар көп.


                         2-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Не туралы айтылған?

               Биыл  жазда  атам  мен  әжемнің  ауылына  демалуға  бардық.
           Ауылда біз кеткелі көп өзгерістер болыпты. Жаңа мектеп, үлкен
           аурухана, зәулім мәдениет үйі салыныпты. Көшелері түп-түзу, тас
           төселіп, гүл егілген. Ағаштар да тым жиі отырғызылған. Ауылдағы
           кітапхананың қоры бай.
               Ауылдың  шетінде  көл  бар.  Көл  аса  терең  емес.  Күндіз  суға
           шомылып, күнге қыздырынамыз. Кеш бата балалармен асық ойнап,
           доп тебеміз. Ауылда өте жақсы демалдық.
                                                             «Мөлдір бұлақ» журналынан
                         3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.


                          Не?                Ауылдың шетінде не бар?
                          Қандай?
                          Қайда?

                          Қашан?
                          Не істейді?

           20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25