Page 11 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 11
Мінездеме
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тара-
пы нан берілетін, белгілі бір адамның өмірбаянын, біліктілігін,
кәсіби деңгейін жазбаша сипаттайтын анықтамалық-
ақпараттық ісқағаздың бір түрі.
7-тапсырма. Берілген мінездемені оқып түсініңдер.
Мінездеме
Әмина Арманқызы Амантай 2005 жылы шілде айының 19-ында
Алматы қаласында туған. Ұлты – қазақ. Алматы қаласының №15
мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушысы. Қазақстан
Республикасының азаматы.
Әмина Арманқызы Амантай – оқу озаты, үлгілі оқушы.
Мектептегі негізгі пәндердің барлығын сүйіп оқиды. Қабырға газеті-
нің редакторы, көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі. Мектептің
қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Сыныптастарының
арасында беделді. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі.
Қазақ тілінен қалалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен
марапатталған. Сонымен қатар «Ағылшын тілі» пәнінен ха лық-
аралық олимпиада жүлдегері.
«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан мектеп оқушылары
арасында ашық турнирге қатысып, арнайы мақтауқағазбен
марапатталған.
Әмина Арманқызы Амантай үздік оқушы ретінде «Озаттар
слеті-2017» шарасына қатысты. Шара барысында оның ата-
анасына мектеп әкімшілігі атынан «Алғысхат» табыс етілді.
Мінездеме «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы»
атты энциклопедияға енгізу үшін берілді.
Мекеме басшысы (аты-жөні, қолы)
Күні, айы, жылы
8-тапсырма. Өз сынып тас достарыңа мінездеме жазыңдар. Мінездеме-
де деректі зат есімдер болсын.
11