Page 7 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 7

2-тапсырма.  Сұрақтарға  жауап  беріңдер.  Хабарлы  сөйлемдердің
                      интонациялық ерекшелігін ескеріңдер.
                      1. Отбасы қандай ұғым?
                      2. Әке не үшін ер баланың тәрбиесіне жауапты?
                      3. Ұл бала мен қыз бала отбасында көбінесе кіммен пі-
                         кір лескенді ұнатады?
                      4. Қазақстанда «Отбасы күні» қашан атап өтіледі?


                      3-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып, отбасы мүшелеріне анықтама
                      беріңдер.


                              Отбасы мүшелері                    Түсіндірмесі
                         ата мен әже
                         әке
                         ана



                      4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінде кімнің отбасы туралы айтылған?
                      Мәтін мазмұнынан тақырыпқа байланысты ақпараттарды анықтаңдар.

                                       Менің отбасым
            Менің атым – Әлихан. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Отбасым-
        да атам, әжем, әкем, анам, ағам, інім және қарындасым бар. Атам
        мен әжем бұрын мұғалім болған. Олар көптеген шәкірт тәрбиелеген.
        Қазір  екеуі  де  зейнеткер.  Сонымен  бірге  нағашы  ата-әжем  де
        бар. Демалыс күндері олардың үйіне қыдырып барамын. Әкем –
        құрылысшы. Анам дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам жақында
        үйленді. Інім екінші сыныпта оқиды. Ол кітап оқығанды жақсы
        көреді. Қарындасым төрт жаста, аты – Салтанат. Ол балабақшаға
        барады. Мен Салтанатқа сурет салуды үйретемін.
                                                             «Балдырған» журналынан

                      5-тапсырма. Сөйлемнің дұрыс жалғасын тауып, тұтас сөйлемге айнал-
                      ды рыңдар.

                        Баланың тәрбиелі болып өсуі        отбасынан басталады
                        Отан                               балабақшаға барады
                        Әлиханның атасы мен әжесі –        отбасына байланысты

                        Әлиханның қарындасы                үлкен
                        Әлиханның отбасы                   зейнеткерлер

                                                                                       7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12